BR28713063 "Яссауи жолы: Қазақстандағы дәстүрлі сопылықтың діни-философиялық, әдеби және лингвистикалық мұрасын кешенді зерттеу"
Жоба мемлекеттік тапсырыс аясында 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасының 101 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілердің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» кіші бағдарламасы, 154 «Зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша арнайы тапсырысы негізінде жүзеге асырылуда (01.10.2025 ж. шарт №324/25-27ПЦФ).
Бағдарламаның мақсаты
Қожа Ахмет Яссауи мен оның тариқатының діни-философиялық, әдеби және лингвистикалық мұрасын жан-жақты зерттеу, оның қазақ даласындағы исламның қалыптасуындағы, қазақ мемлекеттілігі мен ұлттық бірегейлігінің орнығуындағы рөлін ашу, сондай-ақ оның түркі мәдениетінің, әдебиеті мен тілінің дамуына әсерін анықтау арқылы қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани бірлік пен мәдениетаралық диалогты нығайту.
Ғылыми жаңалық пен практикалық маңыздылықтың сипаттамасы
Ғылыми жаңалығының негіздемесі
Қожа Ахмет Яссауиге арналған көптеген зерттеулерге қарамастан, оның мұрасының көптеген аспектілері жеткілікті зерттелмеген. Бұл бағдарлама Яссауидің және оның тариқатының діни-философиялық, әдеби және лингвистикалық мұрасын жан-жақты зерттеу үшін түрлі гуманитарлық ғылымдардың әдістерін біріктіретін кешенді тәсілді ұсынады.
Ғылыми негіз
Жоба командасы түркі халықтарының тарихын, философиясын, әдебиетін және тілін, сондай-ақ исламтану және сопылықты зерттеу саласында айтарлықтай ғылыми негізге ие. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Сәрекенова К.К. "Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» лингвомәдениеттанулық кодтары" AP14870245 тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асырып, табысты аяқтады. Сонымен қатар, Философия, саясаттану және дінтану институтымен, Жошы Ұлысы институтымен, сондай-ақ А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтымен жасалған консорциумдық келісім (1-қосымша) бағдарламаны әзірлеудің ғылыми негізін сапалы түрде күшейтуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаны орындаушылар
КЕАҚ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»;
ҚР ҒЖБМ ҒК
«Философия, саясаттану және дінтану институты» ШЖҚ РМК;
ҚР ҒЖБМ ҒК
«Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты» ШЖҚ РКМ;
ҚР ҒЖБМ ҒК
«А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» ШЖҚ РКМ;
Егер сіз Яссауи еңбектерімен таныс болсаңыз немесе тарикатқа қатысты қолжазбаларыңыз болса, бізге жазуды сұраймыз